Азамат Дəулетбеков еркін күрестен Zagreb Open турнирінің финалына шықты
Еркін күрестен ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дəулетбеков (86 келі) Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан Zagreb Open рейтингтік турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық балуан алғашқы белдеуінде үндістандық Дипак Пунияны 6:2 есебімен қапы қалдырды.
Қарсыласы 2019 жылғы əлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған тәжірибелі балуан еді.
Одан кейін Азамат украиндық Валентин Бабий мен грузиялық Евсем Швелидзені тізе бүктіріп, афиналға жолдама алды.
Алдағы қарсыласы — болгариялық Магомед Рамазанов. Финалдық белдесу бүгін, 11 қаңтар күні болады.
Азамат былтыр Сербия астанасы Белградта өткен əлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып, Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.
Рейтингтік бəсекеде еліміздің атынан Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) күш сынасады.
Сондай-ақ биыл 6-9 маусым күндері Венгрияның Будапешт қаласында кезекті рейтингілік турнир ұйымдастырылады.
11-16 сәуір аралығында балуандар Қырғыз елінің астанасы Бішкекте өтетін жыл сайынғы Азия біріншілігінде де рейтингілік ұпайлар үшін күреседі.