«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының финалы: жеңімпаз анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – «Хабар» телеарнасының 30 жылдығына орай жаңартылған форматта эфирге қайта оралған «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы қорытындыланып, маусым жеңімпазы анықталды.

«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының финалы: жеңімпаз анықталды
Фото: Хабар

Финалдық ойында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің командалары кездесті. Ақтық кезеңнің тақырыбы – «Қазақстан экономикасының басты драйвері».

«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының финалы: жеңімпаз анықталды
Фото: Хабар

Финал барысында командалар өз позицияларын дәлелдеу, қарсы тараптың уәжіне жауап беру және логикалық аргументация тұрғысынан жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Тартысты өткен ойын нәтижесінде 3:2 есебімен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жеңіске жетіп, «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жеңімпазы атанды.

Финалдық ойынды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев және Qazaq Debate қозғалысының негізін қалаушы Ерболат Мұхамеджан бағалады.

«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының финалы: жеңімпаз анықталды
Фото: Хабар

Жоба қорытындысы бойынша ынталандыру сыйлығы – 250 мың теңгеден Шәкәрім университетіне, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне және Нархоз университетіне табысталды. 
Төртінші орынды және 400 мың теңге жүлдені Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті иеленді. Үшінші орын – Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне (600 мың теңге). Екінші орын және 1 миллион теңге жүлде Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетіне бұйырды. Ал бірінші орын мен 2 миллион теңге жүлдені Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жеңіп алды. Осылайша, жобаның жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрады

«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының финалы: жеңімпаз анықталды
Фото: Хабар

Айта кетейік, «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы алғаш рет 2000-жылдардың басында «Хабар» телеарнасында эфирге шығып, елдегі пікірсайыс қозғалысының дамуына серпін берген жобалардың бірі болды. Жаңартылған маусым аясында еліміздегі 100-ден астам жоғары оқу орнының ішінен іріктелген 32 университет қатысты.Ескерте кетейік, қазіргі таңда «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының екінші маусымына іріктеу басталып кетті. Жаңа маусымға еліміздің жоғары оқу орындары қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар