Азамат Қанапия: Тырнақ астынан кір іздемей, қазақша дубляжға қолдау көрсетейік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қазақ тіліндегі «Көліктер 3» мультфильмі тегін көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Kinopark 4 Globus» кинотеатрында ұйымдастырылған көрсетілімге 100-ден астам бала қатысты. Мультфильмді тамашалағаннан кейін балаларға дастархан жайылып, тәтті тағамдар таратылды.

«Мейірімділік шуағы» атты қайырымдылық бағдарламасы бар. Осы бағдарлама аясында біз «Болашақ» стипендиаттары Алматы кәсіпкерлерінің қолдауымен балалар үйінің тәрбиеленуішілері мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары үшін жыл бойы қайырымдылық, мәдени, ойын-сауықтық шараларын ұйымдастырамыз. Бүгін «Ақ Үміт», «Дом Надежды» балалар үйінің 100-ден аса тәрбиеленушісі болды», - деді «Болашақ» қауымдастығының өкілі Нұрсұлтан Арыстанбаев. 

Еске сала кетейік, «Тачки 3»/«Көліктер 3» - қазақ тіліне дубляж жасалған 20-шы фильм. Голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляж жасау жобасы да осы анимациялық фильмнің «Көліктер 2» түсірілімінен басталған. Осы орайда, бүгінгі сәтті пайдаланып, актер және диктор, әлемдегі Мэтр дубляжының үздік дауысының иегері Азамат Қанапиямен сұхбаттастық (Walt Disney студиясының дипломы).

-Азамат, бүгінгі дубляж саласында қандай қиындықтар кездеседі?

-Ешқандай қиындық жоқ. Қазақша дубляждың сапасы нашар дейтіндер, ол «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін» адамдардың сөзі ғой. Негізінде, қазақ тілі - ең бай тілдердің бірі. Мысалы, дубляж барысында бір біріне үйлестіруге келгенде мағынасын жоғалтпай, толыққанды аудармасын беру жағынан келгенде қазақ тілінде қиындық жоқ. Біздің тіліміздің байлығы осы жерде. Қалғаны актердің шеберлігіне байланысты. «Менің кейіпкерім  Мэтрдің  туған жері Оңтүстік Америка және ол оңтүстік акцентпен сөйлейді. Сондықтан, қазақ нұсқасында біз де оңтүстік акцент жасауды шештік. 

null

-Қазақ тілді көрермен «қасаң аударма дубляж сапасын төмендетеді» деген пікір айтып қалып жатады...

-Тырнақ астынан кір іздегенді қойып, қолдау көрсету керек. Қасаң, «калька» аудармаға мен де қарсымын. Өзі бұл саланы жетік білмей,  диванда отырып алып, пікір айтқыштар одан да келіп осындай жобаға қолдау көрсетсін. «Қазақ тілі» деп шырылдап жүргенімізге 25 жыл болды, енді қазақ тілінде сөйлеп жатқанымызда кедергі жасамай керісінше, қолдау көрсету қажет. Келіп, бала-шағасымен, билет алып болса да қолдау танытса дейміз. Арманым  шет елдің кассалық фильмдері мен мультфильмдерін осылай қазақшалап отыру. Бұған мемлекет тарапынан қолдау жоқ. Жоқ деп қарап отыра бермей, өз азаматтық борышымыз ретінде, еліміздің болашағы үшін атсалысқымыз келеді. Менің жеке студиям бар, тіпті болмаса сонымен де өз үлесімді қосқым келеді.    

-Тыңнан түрен салып, «Голливуд» фильмдерін қазақша сөйлетуді бастадыңыздар, қандай қызықты жағдайлар болды?

-Дубляж жасағанда мен қорықпадым. Мен негізі, «Көліктер 2» мультфилмін дубляждағанда басында агенттің рөлін дыбыстауға шақырылғанмын. Бірақ, режиссер Мэтрдің даусын салып көруді ұсынды. Қарасам, Мэтрдің тісі ақсиып тұрады екен. Сосын айттым, мынадай тісі бар адамның тілінің мүкісі болады, «с» әрпін сақау сөйлеуі керек қой деп, өзіміз шешім қабылдап, сақау сөйлетіп шықтық. Кино авторларына бұл шешіміміз ұнады. Голливудқа жібердік, олар қабылдады. Сосын, «не зат?», «өлә» деген секілді дилектілерді қолдандық. Әдемі шықты. Дубляжға барлығы 30-дан аса актер қатысты. Мәтіннің аудармашысы  Нұрдәулет Затилла.

-Азамат, сұхбат бергеніңізге рахмет, іске сәттілік тілейміз.   

null

Соңғы жаңалықтар