Азамат Құстанов БҚО прокурорының орынбасары болып тағайындалды
ОРАЛ. KAZINFORM – ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Азамат Құстанов Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Азамат Боранбайұлы прокуратура органдарында 2003 жылдан бастап қызмет етеді.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы Қобда ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Кезең-кезеңмен Ақтөбе облысының прокуратурасында әр салада аға прокурор және бөлім бастығы қызметін атқарды.
Сондай-ақ Мұғалжар және Қарғалы ауданының прокуроры болды.
Соңғы үш жылда Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Марат Молдашевтің БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына басшы болғанын жазған едік.