Азамат Мақұлбеков алыптар сайысында топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыптар сайысы (Powerful nomad )бойынша Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды.

Бірінші кезеңінде Азамат Мақұлбек 100 келілік тасты 1 минутта 180метр аралыққа көтерді. Екінші кезеңде отандасымыз 130 келі бөренені, 38 рет көтеріп өз рекордын жаңартты. Сондай-ақ, Қазақстандық алып ауыр найзаны нысанаға лақтыру сайысындада көш бастап, үш кезең қортындысы бойынша финалға жолдама алды.

Ақтық сында, Азамат Мақұлбеков 100 кг салмақтағы серкені 7 рет көтеріп, 0,5 тонналық арбаны 12,9 метрге сүйреді.

Қортындысында, Қазақстандық алып барлық кезеңде көш бастап, жеңімпаз атанды.

Жалпы алыптар бәсекесіне Испания, Үндістан, Қытай, Кувейт, Татарстан, Иран, Ресей қатарлы 16 мемлекеттен 16 спортшы бақ сынады.
