10:55, 27 Ақпан 2025 | GMT +5
Азамат Жолманов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Әбіл Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылғанын жазған болатынбыз.