Азаматтар 600-ден астам атыс қаруын өз еркімен полицияға тапсырды

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азаматтар полицияға 600-ден астам атыс қаруын өз еркімен тапсырды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігінің жыл сайын өткізетін заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы жалғасуда. Ол 10-сәуірде басталды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Екі апта ішінде ішкі істер органдарына 488 азамат жүгінді. Олар 600-ден астам атыс қаруын, 2,5 мыңнан астам оқ-дәріні өз еркімен тапсырды», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Министрлік өкілінің айтуынша, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына байланысты оның әрбір бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейінгі сомада төлем көзделеді.

«Қару-жарақ қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар
telegram