Азаматтар ұрланған 125 қаруды өз еріктерімен тапсырды

«Бұрын Бас прокуратураның өкілдерімен бірлесе отырып, ұрланған қарудың ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау кезінде қолданылуы мүмкін екендігін, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін бірнеше рет хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты қаруды өз еркімен тапсыруға қатысты қарқынды түсіндіру жұмысын жүргіздік. Нәтижесінде азаматтар қарудың 125 бірлігін тапсырды», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Департамент бастығы тек ұрланған қаруды ғана емес, сондай-ақ заңсыз сақтаудағы және тіркелмеген қарудың барлық түрін табу мен тәркілеу жедел іс-шаралары белсенді жалғасып жатқанын айтты.
«Қабылданған іс-шаралардың арқасында бүгінгі таңда полицейлер 1 460 қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, тәркіледі», - деді ол.