Азаматтардың 86,3 пайызы жаңа Конституциядағы мәдениет пен ғылымға арналған нормаларды қолдайды — Әлеуметтік зерттеу

АСТАНА. KAZINFORM — Философия, саясаттану және дін тану институтының басшысы Айгүл Сәдуақасова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Ата заңның жаңа нұсқасында экологияға басымдық берілгенін атап өтті.

Айгүл Сәдуақасова
Фото: видеодан алынған скрин

  — Мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылығы Ата заңның кіріспесінде бекітіліп, адам капиталының мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылуы ұлт дамуының жаңа сапасына және «ақылды» экономикаға Конституциялық іргетас қалайды. Ол туралы Мемлекет басшысы талай айтты да, — деді ол.

Айгүл Сәдуақасова сөз арасында әлеуметтік зерттеуден мысал келтірді.

— Дәл осы басымдықтың кеңінен қолдау тапқанына кеше ғана жарияланған әлеуметтік зерттеудің қорытындысы куә. Азаматтардың 86,3 пайызы Конституцияда осы құндылықтардың бекітілуін қолдап дауыс берген. Бұл қоғамдық легитимділікті көрсетеді. Бұл норманың маңыздылығы ғылымның қазіргі институционалдық және қаржылық жағдайында айрықша айқын бола түседі. Ата заңға енгізілген бұл норма ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің бюджетін жоспарлау жолдарын түпкілікті түрде қайта қарауға, олардың тиімділігін ғылыми нәтижелер тұрғысынан бағалауға заңдық негіз қалыптастырады, — деді институт басшысы.

Айта кетейік, Kazinform агенттігінің қазақ және орыс тіліндегі Telegram арнасы осы отырыстан мәтін трансляциясын беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар
Референдум