Азаматтарды ірі көлемде шығынға батырған алаяқ алты жылға сотталды

ОРАЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін С.Досқалиеваны ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағына сәйкес кінәлі деп тану туралы Орал қалалық сотының үкімі күшіне енді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратурадан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Соған сәйкес С.Досқалиева алты жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болды. Орал қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген аталған азаматша жер телімдерін алып беруге көмектесемін деп адамдарды алдап, ақшасын қымқырумен айналысқан. Сөйтіп оның қылмыстық іс-әрекеті салдарынан 20 азаматқа 14158 мың теңге шығын келтірілген.

Апелляциялық арызды қараған БҚО облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қалалық соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Соңғы жаңалықтар