Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығы іске қосылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығы іске қосылады. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Әкімшілік Үкіметпен бірге Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай орталығын іске қосуға дайындалып жатыр. Ол Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтармен тікелей коммуникация стандартын жасауға мүмкіндік береді. Әкімдер жергілікті жерлерде де осыған ұқсас жұмысты қалыптастыруы тиіс. Халықпен коммуникацияның барлық вертикалі сапасын Үкімет қамтамасыз етуі қажет. Әдістемесі мен бақылауды Президент Әкімшілігіне тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар
telegram