Азаматтардың шағымына жүре қарауға болмайды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 27-і. ҚазАқпарат (Руслан Иігілік) - "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
None
None
Оны қоғамдық кеңес төрағасы, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков жүргізіп отырды. Отырыстың күн тәртібіне "Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының мемлекеттік органдарда орындалуы туралы мәселе ұсынылды. Бұл жайында қоғамдық кеңестің эксперттік жұмысшы тобының мүшесі, облыстық тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов хабарлама жасады.Хабарламашы жоғарыдағы заңның орындалуына байланысты құқық қорғау органдарының 48 рет тексеру жүргізгенін айтты. Оның нәтижесінде 710 заң бұзушылық фактілері анықталып, 36 ұсыныс берілген. Сөйтіп, 52 қызметкер әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Мәселен, Арал ауданы әкімі аппараты қала тұрғыны О.Үмбетовтің арызын қарауды негізсіз 1 айға ұзартқан. Айтылатын уәждер көп, бірақ бәрі заңға қайшы әрекеттер. Тексеру қорытындысымен заң бұзушылыққа жол бергені үшін аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы А.Еңсеповаға ескерту жасалды. Осы аудандағы Арал қаласының тұрғыны К.Табанова қала әкіміне көршісінің үй алдындағы жер телімін заңға қайшы келетін әрекеттер арқылы пайдаланып отырғаны жайлы өтініш береді. Өтінішті зерттеу жүктелген қала әкімшілігінің жетекші маманы А.Нұрсафина, "жерге байланысты дауды сот арқылы талап етуге болатынын" айтып, сырғыта салады. Осы жауапты алған хат иесі аудандық сотқа талап-арыз түсіреді. Алайда аудандық сот ұйғарым жасап, жер учаскесі бірде-бір адамның меншігі болмағандықтан және мұндай жер учаскелерінің пайдалану тәртібін реттеу жергілікті атқарушы органның құзырында екенін ескертеді. Талап-арыз кері қайтарылады. Бұл мәселелер тұрғысында қала тұрғыны партияның аудандық филиалы өткізген «Ашық есік» күнінде екінші рет шағым түсіреді. Арыз айналып келіп, бұл жолы қала әкімшілігінің бас маманы Н.Рсалиевтің қолына тиеді. Ол болса шешім қабылдауда құлықсыздық танытып, шағымданушыға жауап та қайтармайды. Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті әкімі аппаратындағылар тіркеуге алынған жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін табыстау туралы 67 арызды арнайы есепке мүлдем алмаған. Сондай-ақ, аудандық жер қатынастары бөлімінің кент әкіміне жолданған 340 азаматтың арыздарын қарау тәртібі өрескел бұзылған. Тіпті 272 адамның арыздарына жауап жолданбай "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңның талаптары бұзылғандығы мәлім болып отыр.Соңғы кездері жер дауына байланысты мәселелер күрделене түсіп, осы төңіректегі арыз-шағымдар белең алып барады. Хабарламашы осы орайда Сырдария, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында орын алып отырған келеңсіз оқиғаларға тоқталды. Сөзінің соңында ол, Қызылорда қаласы бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерінің бұзылуы, қала әкімінің орынбасары ? жер бөлу комиссиясының төрағасы Ерлан Төрәлиев ? 2, қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Мырзахмет Дүйсебаев ? 32, бөлімнің бас маманы Ж.Әлиев ? 15 факті бойынша айыппұл түріндегі әкімгершілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.Кеңес күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша шешім қабылдады.
Соңғы жаңалықтар