Азаматтардың тар бейінді медицина мамандарына қаралу тәртібі жеңілдейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда амбулаториялық деңгейдегі медициналық көмек аясында тар бейінді мамандарға қаралу тәртібін жеңілдететін бұрйық жобасы әзірленді. Құжат аталған мамандарға терапевтің жолдамасынсыз-ақ қаралуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Денсаулық сақтау министрі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Күлайым Біржанова тұрғындардың тар бейінді мамандарға терапевтің жолдамасын алмай-ақ баратын кезі қашан келетінін айтты.

«100 күн -100 сұрақ» жобасы аясында осы мәселе бірнеше рет көтерілді. Емделушілер тарапынан талай өтініш түсті. Бүгінде бұйрық жобасы әзірленді. Сол құжатта емделушіге терапевтің жолдамасын алмай-ақ, тар бейінді мамандарға жазылуға мүмкіндік береді. Бірақ оған негіз болатын белгілер тізімі болады. Қазір осы мәселені пысықтап жатырмыз», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуына қарағанда, аталған құжат әзірленген соң азаматтық қоғамның талқылауынан өтеді.

«Бұйрық жобасын интернет-порталға орналастырамыз. Халық сол кезде ұсыныс-пікірлерін айтады деп ойлаймын. Бұл мәселе бақылауда», - деді Күлайым Біржанова.

Аталған шарада баланы жекеменшік стоматологиялық клиникада жолдамасыз-ақ тегін емдетуге болатыны айтылды.



Соңғы жаңалықтар