Авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспары әзірленеді

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді.

Азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспары әзірленеді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Көлік министрлігі мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 10-12 ақпанда Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан ИКАО-ның 2025 жылы енгізуді жаһандық қолдау жөніндегі Жаһандық симпозиум шеңберінде (GISS-2025, Global Implementation Support Symposium) Қазақстанның азаматтық авиация саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық мастер-жоспарын әзірлеу жөніндегі тиісті құжатқа қол қойды.

Елдің азаматтық авиация саласын дамытудың бас жоспары Қазақстанның азаматтық авиация саласын одан әрі жоспарлаудың кешенді стратегиясы мен алгоритмін әзірлеуге мүмкіндік береді, онда әуежайларды, аэронавигацияны, әуекомпанияларды дамыту, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, әуе көлігінің қолжетімділігі мен ырықтандыруы және тағы басқа қарастырылған, - делінген Азаматтық авиация хабарламада.

Айта кету керек, ИКАО ең білікті сарапшыларға ие және ИКАО-ға мүше мемлекеттердің даму стратегияларын әзірлеуде мойындалған көшбасшы.

Қазақстан Орталық Азия мен ТМД кеңістігінде транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту және Қазақстанды ірі байланыстырушы өңірлік авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі ұлттық міндеттерге сәйкес Қазақстанның авиациялық секторын тұрақты дамыту, жаңғырту және тиімді пайдалану көзқарасын және ИКАО-мен стратегиялық ынтымақтастық орнатқан бірінші мемлекет болғанын ерекше атап өткен жөн.

Қазақстандық тараптың атынан келісімге Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ал ИКАО атынан Ұйымның бас хатшысы Хуан Карлос Салазар қол қойды.

Қол қою рәсіміне сондай-ақ ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза және Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов мырза қатысты.

Еске салсақ Азаматтық авиация академиясына ерекше мәртебе берілетінін, сондай-ақ елімізде азаматтық авиацияны дамыту стратегиясы қашан құрылатыны туралы жазған едік

Сонымен қатар Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында Үкіметке азаматтық авиацияның негізгі проблемаларына ерекше назар аударуды ұсынған еді

Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне неге кіл шетелдік мамандар басшы болатынын да жазған едік

Орталық Азияда алғаш рет азаматтық авиацияның өңірлік ұйымы құрылды.

Соңғы жаңалықтар