Азаматтық Альянс Атырауда мүмкіндіктері шектеулі жандарға арнап мереке ұйымдастырды

АТЫРАУ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Азаматтық Альянс Атырауда мүмкіндіктері шектеулі жандарға - құлағы тосаң адамдарға арнап мереке ұйымдастырды.
None
None

Қазақстанның Азаматтық Альянсының «Біз - бәріміз біргеміз!» республикалық әлеуметтік науқанының аясында өткен бұл шараға «Қазақ саңыраулар қоғамы» атыраулық қорының мүшелері шақырылды. Жастар бірлестіктері оларға арнап сахнадағы нөмірлерді сөзсіз де түсінуге болатын үлкен концерт дайындады.

«Біз осынау шараның көмегімен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, құлақтары естімейтін жандарға қолдау көрсеткіміз келеді. Олар өз әлемінде өмір сүруде, олардың қарым-қатынастарының аясы тарлау. Сондықтан да біз оларға алдағы уақытта да кездесіп тұруды ұсынып отырмыз. Біз - бәріміз біргеміз!», - дейді Азаматтық Альянстың атыраулық мүшесі Әлия Айсалиева.

Шараға қатысқан «Қазақ саңыраулар қоғамының» атыраулық филиалының барлық мүшелеріне вибродабылды ұялы телефондар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар