Азаматтық форумда «Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау туралы» Заң жобасы талқыланады

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан VI Азаматтық форум барысында «Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау туралы» Заң жобасы талқыланады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев айтты.
None
None

«VI Азаматтық форум бұл бағыттағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жүйелі жұмыстарына жаңа серпін беретіндігіне сенімдімін. Мен қазіргі таңда көптеген проблемалы мәселелерді шешу көзделген «ҮЕҰ-ларды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасының дайындалғанын білемін. Сондықтан осы залда отырған қаржы блогының барлық министрліктері өкілдеріне осы заң жобасын осында, форум алаңында кеңінен талқылап, қажет болған жағдайда ҮЕҰ пікірлерінің қосылуын қамтамасыз етуге шақырамын», - деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар Б.Сағынтаев ҮЕҰ-лармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және аталған ұйымдарды дамытуға мемлекет тарапынан 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар