Азаматтық істерді қарау тәртібі процеске қатысушы тараптар үшін ыңғайлы әрі жылдам болмақ - Қ.Мәми

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық істерді қарау тәртібі процеске қатысушы тараптар үшін ыңғайлы әрі жылдам, сондай-ақ оларды татуластыруға және заманауи технологияларды кеңінен қолдануға бағытталуы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен (IRZ) бірлесіп өткізіп жатқан "Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі - уақыт талабы" халықаралық конференциясында ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми айтты.
None
None

"Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде азаматтық істерді қарау тәртібі процеске қатысушы тараптар үшін ыңғайлы әрі жылдам, сондай-ақ оларды татуластыруға және заманауи технологияларды кеңінен қолдануға бағытталуы тиіс деген болатын. Сондықтан Қазақстанның азаматтық сот өндірісінің жаңа моделін құру тараптардың, мемлекет пен азаматтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ететін прагматикалық тәсілге негізделген. Біз қазақстандық қоғамға тән қалпына келтірілген сот төрелігі тұжырымдамасын қолдаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, жаңа редакциядағы Кодексте сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің объективті теңгерімі көзделген. Жоба 533 бапты, 60 тарау мен 4 бөлімді қамтиды. Жобада соттардың қызметіндегі техникалық құралдарды кеңінен пайдалану арқылы азаматтық істерді қарау тәртібін жеңілдетуге бағытталған негізгі ережелер қарастырылған. Ұсынылатын барлық шаралар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттігі ескеріліп қабылданатын болады.

ҚР Жоғары сотының судьясы Бағлан Мақұлбековтің айтуынша, жекелеген санаттағы істер бойынша "Мүліктік дауларды сотқа дейін реттеу" деген жаңа тарау қосылды. Істі сот талқылауына дайындау статусы жетілдірілді. "Дәлелдемелер мен дәлелдеу" тарауында "нақтылы деректер" атты дәлелдеменің жаңа ұғымы берілді.

"Судьялардың тәуелсіздігі қағидатын дамыту үшін соттың іс жүргізуінде жатқан азаматтық істі іс бойынша шығарылған сот актілері күшіне енгенге дейін сұратып алдыруға жол берілмейтін болып бекітілді. Азаматтық процесте тараптардың өкілдік ету институты жетілдірілді. Сонымен қатар жобада іс жүргізу нормаларын жетілдіруге бағытталған басқа да түзетулер көзделеді", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар