09:18, 20 Қараша 2022 | GMT +5
Азаматтық міндетімді орындауға келдім – Нұрлан Әуесбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат — Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан үміткер Нұрлан Әуесбаев президент сайлауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көңіл-күйім көтеріңкі, жақсы. Бүгін мен сайлау учаскесіне республика азаматы ретінде өз міндетімді орындауға – дауыс беруге келдім», - деді ол журналистерге.
Бұған дейін кандидат өз таңдауын «Наз» мемлекеттік би театры ғимаратында құрылған №189 сайлау учаскесінде жасағанын жазған болатынбыз.
Нұрлан Әуесбаев бастаған топ мүшелері Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлаушылармен кездесулер өткізген еді.