Азаптап өлтірілген баланың жерлеу рәсімі бүгін өтеді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматыда алғашқыда жоғалып, артынша өлі денесі табылған баланың жерлеу рәсімі бүгін өтеді. 11 жастағы оқушыны Алматы облысының Қоғалы ауылында жерлейді деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кербұлақ ауданына жол тартқан туыстарының сөзінше, баланың әкесі қарапайым жұмысшы. Құрылыста істейтін көрінеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 11 жастағы оқушының өліміне өгей шешесі басты күдікті ретінде тергелуде.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 125-бабы, 2-бөлігі (адам ұрлау), 99-бабы, 2-бөлігі (адамдар тобымен сөз байласып, кәмелет жасқа толмағанды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша 5 адам күдікті ретінде ұсталды.
Еске сала кетсек, Алматыда 11 жастағы оқушының өліміне қатысты күдікті ретінде оның өгей шешесінің екі баласы ұсталған болатын .