Азаптау әрекеттерін қолданған бұрынғы полиция майоры бас бостандығынан айырылды - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Риддерлік бұрынғы полицей жалпы режімдегі колонияда 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
None
None

Риддер қалалық ІІБ кринималдық полиция бөлімшесі бастығының бұрынғы орынбасары азаптау әрекеттерін қолданғаны үшін сотталды.

Риддер қалалық сотынан хабарлағандай, бұрынғы майор өзінің қызметтік кабинетінде Т. деген азаматтың ұрлық жасағанын мойындату үшін бетінен бірнеше рет ұрған. Бұл ретте ол сұралып жатқан азамат пен оның туыстарын жазалаумен, сондай-ақ сұралған азаматты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерімен қорқытты. Осылайша «жігерлі» полицей оның қылмыс жасауға қатыстылығын мойындатқысы келді.

Өткізілген сот-медициналық сараптама денсаулыққа жеңіл және ауыр дәрежедегі зиян келтірілгенін растады, ал қылмыстық істі қарастыру барысында бұрынғы полицейдің кінәсі толық дәлелденді.

Жоғарыдағы сот инстанциялары Риддер қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды, сотталушының шағымдары қанағаттандырылған жоқ.

Сот қаулысы заңдық күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар