Азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық тетікті қаржыландыруға жыл сайын 200 млн. теңге бөлінеді - З.Баймолдина

«Превентивті, яғни алдын алу тетігін қаржыландыру мәселесіне келсек, Қазақстан қабылдаған халықаралық факультативтік хаттамаға сәйкес, қатысушы-мемлекеттер оның қызметі үшін қажетті ресурстар ұсынуы шарт. Осыған байланысты ұлттық алдын алу тетігін қарастыратын заң жобасын жүзеге асыруға жыл сайын бюджеттен 200 млн. теңге бөлу көзделеді. Бүгінгі таңда 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттен аталған сома қарастырылды», - дейді вице-министр.
Еске сала кетсек, жиын барысында вице-министр Зәуреш Баймолдина «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлерін алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігі мәселелері туралы» заң жобасы жөнінде баяндаған болатын. Оның айтуынша, аталған заң жобасы былтырғы жылдың наурызынан бері Парламенттің қарауында жатыр. Ал Қазақстан Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясына Хаттаманы 2008 жылдың қазан айында ратификациялаған болатын.