«Азаптауға арналған жертөлелер»: ҚР ІІМ желідегі ақпаратты жоққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінің тергеу изоляторында ұсталғандарды азаптайтын жертөле бар екендігі туралы ақпарат тарауда. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл мәліметтің жалған екенін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онымен бірге, тарап жатқан ақпаратта Алматы қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын ЛА-155/18 мекемесінің бастығы А.Жұмадиевтің деректері қоса берілген.

«Осыған байланысты, Қылмыстық-атқау жүйесі мекемесінің аумағында екі қабатты әкімшілік ғимарат және 4-5 қабаттан тұратын 6 режимдік корпус, арнайы контингентті ұстауға арналған 230 камера орналасқанын мәлімдейміз.

Аталған режимдік корпустарда коммуникациялық жүйелер мен жылыту тораптарына арналған жартылай жертөле үй-жайлары бар. Бұл үй-жайларға кіретін есік корпустардың сырт жағында орналасқан. Ал мекемеге түскендер режимдік Тергеу изоляторына келген адамдардың бәрін медицина қызметкерлері, сондай-ақ мекеменің кезекші ауысымы видеоға түсіре отырып қабылдайды.

Мекемеге прокуратура органдарының өкілдері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ қоғамдық бақылау ұйымының мүшелері ұдайы барып тұрады. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі Адамның қадір-қасиетін, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сотталғандардың және өзге де адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған», - деп жазылған министрліктің ресми мәліметінде.

Ішкі істер министрлігі көрінеу жалған ақпарат тарату әрекетіне ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертуде.


Соңғы жаңалықтар