Азат елдің жаңа астанасы - тәуелсіздікпен бірге бой түзеді - Ә. Жақсыбеков

None
None
None

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков астаналықтар мен қала қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік - қашанда қастерлі сезімге толы киелі ұғым. Елбасының дара саясаты мен терең парасатының арқасында еліміз ерен жетістіктерге қол жеткізіп, асқаралы асуларды бағындырды, әлем елдері арасындағы абыройын асырды. Азат елдің жаңа астанасы - тәуелсіздікпен бірге бой түзеді.

Еліміздің егемендігіне екпін беріп, тәуелсіздігіне тұғыр болған, қоғамды жарқын болашаққа, кемел келешекке бастайтын маңызды шешімдердің барлығы да осы бас шаһарда қабылданып жатыр.

Бұл ретте, егемен еліміз бен еңселі Елордамыздың бүгінгі бейбіт өмірі мен әсем ажары - қашанда абырой биігінен, кәсіби білігінен айнымаған Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еселі еңбегі мен қажыр-қайратының жемісі деп білемін.

Бұл күнде баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін, делінген Астана әкімінің құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар