19:39, 04 Ақпан 2024 | GMT +5
Азат Мақсұм кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм АҚШ-та өткізген кезекті айқасында қарсыласына есе жіберді.

АҚШ-та өткен UFC Fight Night 235 турнирінде Азат Мақсұм америкалық файтер Чарльз Джонсонмен үш раундтың қорытындысы бойынша жеңілді. Төрешілер (29-28, 29-28, 29-28) есебімен Чарльз Джонсонды жеңімпаз деп таныды. Осылайша отандасымыз кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады.
Азат Мақсұм бұған дейін 17 мәрте қарсыластарынан басым түскен болса, Чарльз Джонсонда 14 жеңіс, 6 жеңіліс бар.
Азат өткен жылы шілде айында UFC-дегі дебютінде АҚШ өкілі Тайсон Нэмнен (21-14-1) басым түскен болатын.