Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауы: Рамзан Кадыров көңіл айтты

АСТАНА.KAZINFORM - Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Ақтау түбінде болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

кадыров
Фото: ТАСС

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Әуе компаниясы апатқа ұшақтың бір топ құстарға соғылуы мүмкін болғанын айтты.

Баку-Грозный бағытындағы J2-8243 рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонды.

Ұшақ құстар тобымен соқтығысуы мүмкін болды деген болжам бар.

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.

Ұшақта 6 қазақстандық болғаны аталып өтті.

Соңғы жаңалықтар