Әзербайжан әлемнің 85 елінен әкелінетін азық-түлік өнімдеріне шектеу қойды
АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан 15 түрлі ауруға байланысты әлемнің 85 елінен әкелінетін азық-түлік өнімдеріне шектеу қойды, деп хабарлайды Report.az.
Бұл туралы Әзербайжан Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің бөлім басшысы, бас мемлекеттік ветеринарлық инспектор Галиб Абдулалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, кейінгі аптада әлемде блутанг, аусыл, ұсақ малдардағы шешек және жоғары патогенді құс тұмауының жаңа жағдайлары анықталған.
– Моңғолияның Дорнод провинциясында аусыл, Словенияның Оңтүстік-Шығыс және Орталық Словения облыстарында, Төменгі Посавска, Засавска, Болгарияның София және Габрово облыстарында – блутанг, Грецияның Эпир және Батыс Македония әкімшілік-территориялық бірлігінде, Ливияның Триполи ауданында ұсақ малдардағы шешек ауруы, Португалияның Сантарем ауданында, Испанияның Андалусия автономиялық бірлестігінде, Норвегияның Нурланн аймағында жоғары патогенді құс тұмауы тіркелді, - делінген мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, Қазақстаннан Әзербайжанға туристік ағым 20%-ға артты.