Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

АСТАНА.KAZINFORM - Әзербайжаннан Иранға жіберілген гуманитарлық көмек Астара шекара бекеті арқылы өтіп, Ислам Республикасына жөнелтілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бакудегі меншікті тілшісі.

Азербайджан направил гуманитарную помощь в Иран
Фото: Media.az

Жүк шекара бекетіне Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің көліктерімен жеткізілді. Көмектің жалпы көлемі шамамен 30 тонна.

Гуманитарлық көмекке азық-түлік өнімдері мен қажетті медициналық құралдар кіреді. Атап айтқанда, 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам ауыз су, шамамен 600 келі шай және 2 тонна дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар.

Гуманитарлық көмек тиеген көліктер қазіргі уақытта тиісті органдарға беру үшін шекара бекетінен Иранға тасымалданып жатыр.

Көмекті жөнелту Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Иран президенті Масуд Пезешкиан арасындағы 8 наурыздағы телефон арқылы сөйлесуден кейін ұйымдастырылды.

Бұған дейін Әзербайжан мен Иран шекара арқылы жүк тасымалын қайта жандандырғаны хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум