Әзербайжан Қазақстанмен кедендік рәсімдеу жұмыстарын жеңілдетіп жатыр

Бұл туралы МКК даму бағдарламалары мен тиімділікті бағалаудың бас басқармасының басшысы хабарлады.
«Кеден қызметінде IT-технологияларды дамыту стратегиясы аясында 3 басым бағытты анықтадық. Олардың ішінде Мемлекеттік кеден комитеті мен өзге елдердің кеден қызметтері арасындағы қатынасты жетілдіру кіреді. Қазір Қазақстан, Түркия, Иран және ТМД өзге елдерімен өзге елдерден Әзербайжанға және керісінше жеткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала хабарлау туралы келісім жобасы дайындалып жатыр» - деді И.Бабаев.
«Бұл жоба шекара арқылы тауарды өткізу үдерісін жылдамдатады, сонымен қатар қауіп-қатер менеджментін пайдалануға мүмкіндік береді», - деп атап өтті И.Бабаев.
И.Бабаевтың сөзіне қарағанда, «бизнес-кеден» және «кеден-мемлекет» серіктестігін жетілдіру қалған екі басым бағыт болып табылады.