14:41, 15 Қаңтар 2024 | GMT +5
Әзербайжан Қытайдың тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді
Әзербайжан Республикасы бір Қытай саясатын қолдайды. Бұл туралы Тайваньда өткен сайлауға байланысты Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Әзербайжан Тайваньның тәуелсіздігін мойындамайды және онда өткен сайлауды айыптады.
«Әзербайжан Қытайдың ішкі істеріне араласуға қарсы», - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Қытай Тайваньды өзінің бөлінген провинциясы деп санайды, ал Тайвань өзін тәуелсіз мемлекет деп атайды.
13 қаңтарда Тайвань Президентінің сайлауы өтті. Билеуші Демократиялық прогрессивті партияның кандидаты Лай Циндэ жеңіске жетті. Аралдың толық тәуелсіздігін жақтайтын Лай 40,1% жинады. ОСК мәліметі бойынша дауыс беруге қатысу 69,8% құрады.