Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform ҚР Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.

Ильхам Әлиев
Фото: oxu.az

– Бұл мәселе жақында екі мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуінде көтерілді. Қазіргі уақытта тараптар сапардың нақты мерзімі мен оның мазмұнын талқылап жатыр, - делінген хабарламада. 

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған болатын. Онда екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі мемлекеттің одақтастық қарым-қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістікке балағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар