23:30, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Әзербайжан Президенті Елбасын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Шын жүректен сізді және бауырлас қазақ халқын ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Әзербайжан мен Қазақстанды сан ғасырдан бері қалыптасқан достық, ықпалдастық және стратегиялық әріптестік қатынастар байланыстырады. Бүгінгі таңда сіздің басшылығыңызбен бауырлас Қазақстан әлемдік қауымдастық алдында беделі артып келеді. Мен екіжақты даму мен дәстүрлі достық қатынасымыз, көпсалалы ықпалдастығымыз бен бір-бірімізге деген қолдауымыз бұдан кейін де арта береді деген сенімдемін», - делінген құттықтауда.
Сондай-ақ, Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, табыс пен береке, ал қазақ халқының өсіп-өркендей беруін тіледі.