Әзербайжан президенттігіне кандидаттар саны 15 адамға жетті

Әзербайжан президенттігіне сайлауға түсуге ниет білдірушілер саны 15 адамға жетті. Кazinform бұл туралы Trend-ке сілтеме жасап хабарлайды.

әзербайжан сайлау
Фото: trend.az

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов 23 желтоқсан күні өткен отырыста мәлім еткендей, 7 адамның кандидатурасы бекітілді. Тағы 8 үміткерді бекіту мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске салайық, 7 желтоқсан күні президент Ильхам Әлиев Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сайлау 7 ақпанға белгіленді.

Соңғы жаңалықтар