Әзербайжанда 7 балдық жер сілкінісі болды

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының (ӘҰҒА) Республикалық сейсмологиялық қызметі орталығының хабарламасы бойынша, 4 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 09:49-да Шеки қаласынан 29 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген.
None
None

Оның күштілігі 7 балды құрады, жақын жатқан елді мекендерде 5-6 балға дейінгі жерасты дүмпуі сезілді. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі 13 шақырымды құраған, магнитудасы - 5,9 болды. Әзербайжан сеймискалық аймақта орналасқан, сондықтан осындай жер сілкіністері қалыпты жағдай болып табылады, деп берді түсініктемесін ӘҰҒА жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы баспасөз қызметінің басшысы Вусаля Рафиггызы. «Бұл жер сілкінісін күшті деуге болады. Оның ошағы орналасқан Шеки аумағында 7 балға дейінгі жерасты дүмпуі сезілген. Мингячевир, Евлах, Гянджа, Гекчай және өзге де аудандарда 5-6 балға дейінгі дүмпу сезілді. Ғимараттардың қирауы туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар