Әзербайжанда арнайы карантин режимі ұзартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Тиісті қаулыға Премьер-министр Али Асадов қол қойды, деп хабарлайды Anadolu.

а
Фото: freepik.com

Министрлер кабинеті Әзербайжан Республикасының аумағында ерекше карантин режимін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Али Асадов қол қойды.

Қаулыға сәйкес, елде коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын және оның ықтимал салдарын болдырмау мақсатында Әзербайжан Республикасының аумағында ерекше карантин режимі 2026 жылғы 1 шілде сағат 06:00-ге дейін ұзартылды.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 6 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар