Әзербайжанда «Bayterek» брендімен ұн өндірілмек

Бұрын Әзербайжан Қазақстаннан жыл сайын 500 мыңнан 1,1 млн тоннаға дейін ұн импорттайтын еді. 2014 жылдан бастап әзербайжандық ұн тартушылар түгелдей Ресей ұнына бет бұрды. Өйткені оның да сапасы Қазақстанның ұнынан кем түспейді әрі тасымалдау жағы арзан», - дейді Е. Баймұхаметов.
Оның айтуынша, қазір Қазақстан ұнын Әзербайжанға көбірек экспорттау жағы қарастырылып жатыр. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының өткен жылдың желтоқсанында Бакуде өткен 14-отырысында Қазақстан астығын жеткізу көлемін арттыру мәселесі талқыланған болатын.
«Әзербайжанға Қазақстан ұны екі жолмен тасымалданады. Бірі - Ақтау және Құрық порттарынан Алят портына теңіз арқылы, екіншісі - құрлықпен Ресей аумағы арқылы», - дейді Е. Баймұхаметов.
Компанияның топ-менеджерінің сөзіне қарағанда, Қазақстан ұнының Әзербайжан нарығындағы негізгі бәсекелесі - Ресей, оның үстіне Әзербайжан соңғы жылдары импорт көлемін қысқарту мақсатында бидай алқаптарын кеңейтуге күш салуда.
Бұдан тыс, компания Әзербайжан нарығына Қазақстан бидайынан тартылған «Bayterek» ұнын ұсынып жатыр. Қазіргі кезде Баку астық терминалы теңіз портында астық дақылдарын қайта тиеуді жоғары технологиялармен іске асыратын жалғыз компания болып отыр.
Терминал 15 мың тоннаға дейін астық сақтау және жыл сайын 300 мың тоннаға дейін астық дақылдарын тиеу қуатына ие. Астық терминалының құрамына кіретін диірмен кешені тәулігіне 150 тонна ұн тартып, жылына 50 мың тоннаға дейін астық өңдей алады.