Әзербайжанда ең қарт сайлаушы 134 жаста

сайлаушы
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы дүйсенбі күні елдегі сайлаушылар саны туралы жаңа деректерді жариялады.

— Санау қорытындысы бойынша елдегі сайлаушылардың бірыңғай тізіміне 6 миллион 326 764 адам енгізілді, — деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов.

Айтуынша, оның 47,55 пайызы — ерлер, 52,45 пайызы — әйелдер.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы ең қарт сайлаушы 1890 жылы туған 134 жастағы Тамам Алиқызы Азизова екенін атап өтті.

Ал ерлер арасынан ең қарт сайлаушы — 1915 жылы туған Хилал Ибрагимов 108 жаста.

Мазахир Панахов 2 мамырда кезекті отырыста парламент сайлауына дайындықты жеделдетуді тапсырды.

— Біз дайындықты қазірдің өзінде бастауымыз керек. Қаңтардан бастап сайлаушылар тізімдері нақтыланады, — деді М.Панахов.

Соңғы жаңалықтар