16:54, 02 Сәуір 2025 | GMT +5
Әзербайжанда мина жарылды
АСТАНА. KAZINFORM - 2 сәуірде Әзербайжанның азат етілген Агдам ауданының Чеменли ауылында мина жарылысы болды, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Агенттік мәліметінше, Агдам облысының тұрғыны, 1968 жылы туған Нуреддин Фейзиоғлы Аббасов мал бағып жүріп миналанған аумаққа кіріп кеткен. Аяғынан жарақат алған ол ауруханаға жатқызылды.
Оқиға бойынша Агдам аудандық прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр.
Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, мина қаупінің белгілеріне назар аударуға және бейтаныс аумақтарға шықпауға шақырды.
Бұған дейін Әзербайжан «Отты сейсенбі» күнін атап өтетінін жазған болатынбыз.