Әзербайжанда заңсыз аң аулау ісіне салынатын айыппұл көлемі едәуір артты

Қылмыстық кодекстің 258 бабына (Заңсыз аң аулау) өзгерістер енгізілді.
Өзгертулерге сәйкес, рұқсатсыз немесе тыйым салынған аймақтарда, тыйым салынған уақытта, рұқсат етілмеген қарумен немесе әдіспен аң аулаған жағдайда, егер бұл әрекет бірқатар шығынға әкеп соқтырса, 2000 манаттан 3000 манатқа дейін айыппұлмен жазаланады.
Бұған дейін аталған қылмыстық іске 100-ден 500 манатқа дейінгі көлемдегі айыппұл салынатын.
Сондай-ақ, өзгертулерге сәйкес, ірі шығын келтіруге соқтыратын осындай әрекеттер, жарылғыш заттар немесе басқа да әдістермен қорық аумағындағы немесе экологиялық нәубет аймақтарында, экологиялық төтенше жағдайлар аумағында аулауға тыйым салынған құстар және аңдарды жою ісіне 3000-нан 6000 манатқа дейін айыппұл салынады (бұғанға дейін 100-ден 1000 манатқа дейін болды).