Әзербайжандағы президент сайлауы: ОСК бақылаушылар санын жариялады

ӘЗЕРБАЙЖАН. KAZINFORM  - Әзербайжанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) елде өтетін кезектен тыс президент сайлауына 86 490 бақылаушыны тіркеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ровзат Гасымов мәлім етті.

Әзербайжандағы президент сайлауы: ОСК бақылаушылар санын жариялады
Фото: Kazinform/freepik/advantour.com

Ровзат Гасымовтың айтуынша, олардың арасында 790 халықаралық байқаушы бар.

«Сайлау туралы хабар тарату үшін 63 шетелдік БАҚ-тың 119 тілшісі аккредитациядан өтті», - деді ол.

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы 7 ақпанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар