18:15, 09 Ақпан 2024 | GMT +5
Әзербайжандағы президент сайлауында Ильхам Әлиев ресми түрде жеңіске жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжандағы президент сайлауы бюллетендері 100% саналғаннан кейін Ильхам Әлиевтің 92,12 % дауыспен (4 577 693 дауыс) жеңіске жеткені белгілі болды.

Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының (ОСК) жаңартылған мәліметіне сәйкес, Захид Орудж 2,17% (107 877 дауыс), Фазиль Мұстафа — 1,98% (98 623 дауыс), Гудрат Гасангулиев — 1,72% (85 607 дауыс), Рази Нуруллаев — 0,80% (39 727 дауыс), Эльшад Мұсаев — 0,66% (32 956 дауыс), Фуад Әлиев — 0,53% (26 561 дауыс) жинады.
Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпан күні Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.
Сайлауға 7 үміткер түсті. Сайлауды 190 халықаралық БАҚ ұйымы бақылады.
Тәуелсіз Әзербайжан тарихында тұңғыш рет сайлау елдің бүкіл аумағын, соның ішінде Қарабақ аймағын қамтыды.