Әзербайжандағы тәттілер фестивалінде Қазақстан өнімі таныстырылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Әзербайжанның ежелгі қалаларының бірі Шекиде 20 шілдеде ІІ дәстүрлі тәттілер фестивалі өтті. Оған әлемнің 12 елінен әкелінген кондитерлік өнімдер ұсынылды. Бұл туралы Әзербайжан Мәдениет және туризм министрлігі хабарламасында айтылды.

Фестиваль Шеки атқарушы билігі мен Әзербайжан ұлттық кулинария қауымдастығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Фестивальға Түркия, Ресей, Франция, Грекия, Румыния, Молдава, Сотүстік Кипр, Қазақстан, Қырғызстан, Сербия, Корея, Индонезия кондитерлік өнімдері ұсынылды. Әзербайжан өңірі өз тәтті тағамдарынан (фирни, хашил, тәтті палау т.б.), ұннан жасалған пахлава, фясяли, умач халва және түрлі тәттілерді (ногул, сямяни халвасы және т.б.) дәм татырды. Қатысушылар өз тағамдарын ұлттық киіммен, арнайы павильонда таныстырды.

Соңғы жаңалықтар
telegram