18:15, 12 Наурыз 2024 | GMT +5
Әзербайжандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді
АҚТАУ. KAZINFORM - Бүгін әзербайжандық сейсмологтар Каспийде магнитудасы 3,9 балл болатын жер сілкінісін тіркеді.

Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы 39,40 солтүстік ендікте және 51,77 шығыс бойлықта жатыр. Жерасты дүмпулері Баку уақытымен 16-53 аралығында тіркелді.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл нөмірлеріне осы жағдай бойынша қоңыраулар түскен жоқ.