Әзербайжанның Курдемир аймағында 5,2 балдық жер сілкінісі болды

КУРДЕМИР. ҚазАқпарат - 3 қыркүйекте Әзербайжанның Курдемир станциясынан оңтүстікке қарай 14 шақырым жерде - Курдемир аймағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Әзербайжанның Курдемир аймағында 5,2 балдық жер сілкінісі болды

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығынан мәлім еткендей, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:38-де тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 5,2 баллға жетті.

Эпицентрі 52 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің дүмпулері Агдаш, Ахсу, Гойчай, Саатлы, Бейлаган, Ярдимли, Габала және басқа аймақтарда сезілгені атап өтілді.