Әзербайжанның Trend ақпараттық агенттігі «ҚазАқпарат» ұжымын құттықтады

«Әзербайжанның тәуелсіз Trend ақпараттық агенттігінің басшылығы мен ұжымы қазақстандық әріптестерін мерейтойымен құттықтайды және оларға одан әрі ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс тілейді», - деп атап өтілген агенттік хабарламасында.
«ҚазАқпарат» халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпараттық агенттік болды және бүгінде елдегі және аймақтағы жетекші мемлекеттік ақпараттық агенттік болып табылады, деп жазады басылым.
«ҚазАқпарат» қазақстандық жаңалықтар интернет-ресурсының рейтингісінде ТОР-10-қа кіреді. Порталға тәулігіне орташа есеппен 45 мың адам кіреді. Порталдың пайдаланушылар георграфиясы әлемнің 229 елін қамтиды.
ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өңірлік билік органдары, ұлттық қаржылық және өндірістік құрылымдардың қызметі жөнінде ресми хабар таратылады.
Агенттік қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде хабар таратады. Кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуға аударылады.
ҚазАқпаратта өзге отандық ақпараттық агенттіктерде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында 15 тілшілер пункті орналасқан. Оның ішіне Байқоңыр да кіреді. Ресей, Қытай, Түркия, БАӘ, Бельгия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді.
ҚазАқпарат ұжымы - бұл белгілі журналистер, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаттары, халықаралық және аймақтық конкурстардың жеңімпаздары, құрмет атақтары мен сыйлықтарының иегерлері.
Еске сала кетейік, Trend - 1995 жылы құрылған Әзербайжандағы тәуелсіз ақпараттық агенттік, ол Каспий аймағынан, Оңтүстік Кавказдан және Орталық Азиядан жаңалықтар береді. Trend құрамында әзербайжан, орыс, ағылшын, парсы және араб тілдеріндегі жаңалықтар қызметі бар, сөйтіп, әлемдік тілдік аудиторияны қамтиды. Агенттік қызметтері Әзербайжаннан, Грузиядан, Ираннан, Қазақстаннан, Түркіменстаннан, Өзбекстаннан жаңалықтар легін таратады. Trend бас кеңсесі Әзербайжан астанасы - Бакуде орналасқан.