09:30, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Азғыр полигон аймағының тұрғындарын хромосомалық деңгейде тексеруде
АТЫРАУ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысында өткен ғасырдың 70-жылдары ядролық сынақ жүргізілген Азғыр аймағының тұрғындарын хромосомалық деңгейде тексеруде.

Бұрынғы әскери полигон аймағында орналасқан Құрманғазы ауданының ауылдарында мыңдаған адам сауалнамаға қатысты. Олардың ішінен Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында қан құрамындағы, ағзадағы радионуклидтерді анықтауға қатысты радиологиялық және медициналық зерттеуден өткен 100 адам іріктелді. Бұл зерттеу хромосомалық деңгейде жалғастырылып жатыр. Жыл соңына дейін зерттеулердің нәтижесі белгілі болады және жұртшылыққа жарияланады. Ол ядролық жарылыстың Азғыр аймағының тұрғындарының денсаулығына қалай әсер еткенін анықтауға мүмкіндік береді.