20:25, 12 Шілде 2017 | GMT +5
Ажал айдаған бегемот қолтырауынмен ойнады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Суда жүзіп жүрген колтырауынды көріп қалған жас бегемот оған қарай ұмтылды. Аузын арандай ашқан су сиырын көрген жыртқыш одан құтылу үшін жағаға асыққан.

Бірақ жас бегемот өзге ірі қолтырауындардың жемтігіне айналуды естен шығарған болуы керек, оның соңынан қала қоймады. Бұл қуаласпақтың арты не боларын кім білген... Суатқа пілдер келген сәтте қолтырауындар да, су сиырлары да тездетіп орындарын босатты.
Видеоны Nikela табиғат қорғау ұйымының негізін қалаған Маргрит Харрис түсірген.
- Шамасы, әлі қауіптің не екенін түсіне қоймаған жас су сиыры онымен ойнағысы келген болуы керек»- дейді африкалық сүтқоректілер бойынша маман Джен Гайтон .