Ажал құшқан сәбидің анасы соттан медициналық мекемеден 10 млн теңге өндіріп беруді сұрады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда дәрігерлердің қателігі салдарынан қаза тапқан баланың анасы соттан медициналық мекемеден 10 млн теңге өндіріп беруді сұрады.
None
None

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, дәрігерлердің кінәсі салдарынан қаза тапқан 4 жасар баланың анасы Зәуреш Дүйсембина Қостанай қалалық сотына жүгінді. Ол  Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерге шағымданып, олардың моральдық залалдың орнын өтеуін сұрады.  

«2010 жылы шағымданушының 4 жасар ұлы Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансердің өкпе бөліміне түскен. Мұнда оған қате ем-дом шараларын пайдаланды, - делінген хабарламада. - препараттарды қабылдау салдарынан бала есін жимай көз жұмды. Дәрігерлердің кінәсі дәлелденді».

Дәрігерлер ҚР ҚК 114 бабы 4 бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, сотталды.

Сот шағымды қарауға  қабылдады.

 

 

Соңғы жаңалықтар