Әжесі мен ағасын өлтіруді ұйымдастырған келіншек ұсталды - ІІМ

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Әжесі мен ағасын өлтіруді ұйымдастырған келіншек ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Алматы облысының Райымбек ауылы шетіндегі саяжай аумағында шағын автобустың ішінен көліктің 47 жастағы иесі мен оның қарт анасының зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 20 мен 26 жас аралығындағы 4 тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулау орнына қамалған. «Күдіктілердің бірі, жәбірленушінің немересі күйеуімен бірге әжесінің пәтерінде тұрғаны анықталды. Ол пәтерді иелену мақсатында күйеуіне және оның жолдастарына туыстарын өлтіруді ұсынған», - деді ресми өкіл.

Күдіктілер кейуана мен оның баласын ұрып-соғып, пышақ салып өлтіргеннен кейін ауылдың шетіне апарып тастаған. Қазіргі уақытта 2 адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар