Әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген - СҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға Солтүстік қазақстан облысы Мамлют ауданына қарасты Дубровное ауылында болған. Орталық көшеде орналасқан үйде Олеся Грудинская анасымен, 9 жасар ұлымен және жаңа туған қызымен тұрған, деп хабарлайды КТК . 

Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуімен ажырасқан Олеся Грудинская ұлын ертіп әке-шешесінің үйіне көшіп келген. Бұрын да аздап араққа құмар анасы - Любаға отағасы қайтыс болғалы қой дейтін жан болмапты.  Бірақ ішкен күннің өзінде кемпір ешкімнің мазасын алмайды екен. 

Олеся Грудинская 19 қазанда қыз босанған. Араға үш күн салып үйіне келгенімен, шақалақтың қызуы көтеріліп, олар қайтадан ауруханаға түскен. Әжесі немереме дәрі егетін болды деп уайымдаған да көрінеді. Алайда оқиға болған күні неге екені белгісіз, ол қызы мен үлкен немересін нанға жұмсап, өзі сұмдық қылмысқа  барған.

«Ол пештің үстіндегі плитаны алып тастап, жанып жатқан отқа сәбиді қойған. Баланы  шешіндіріп тастапты. Олеся үйге келгенде, қызын таппай қалған. Пештен күйген еттің иісін сезгенде, ыстық плитаны қолымен алып тастап, шақалақты алып шыққан. Мен оның күйік шалған қолдарын көрдім»- дейді Дубровное ауылының тұрғыны Мария Морозова.

Алпысты алқымдаған Любовь Русалиеваның мұндай әрекетке не итермелегенін қазір тергеушілер анықтап жатыр. Ауыл әкімінің айтуынша, отбасы ақшадан тарлық көрмеген, тұрмыстары да түзу.

Дубровное  ауылдық округінің әкімі Галина Швецованың айтуынша, бұлар тұрмысы нашар отбасы ретінде есепте тұрмаған. Әжесі зейнеткер. «Аздап ішетіні болмаса, Любовь Русалиеваның ешкімге зияны жоқ еді. Көршілерімен тату болатын. Оқиағаның ақ-қарасын тергеушілер анықтар. Егер біздің тарапымыздан көмек керек болса, әрине, қол ұшын беруге дайынбыз», -дейді ауыл әкімі.

Мерт болған шақалақтың денесі әлі мәйітханада жатыр. Алдағы күндері жерленетін оған анасы әлі туу туралы куәлік те алып үлгермепті. Тек Валентина деп ат қойған. 

Қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram