Азиада-2023: Абиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин жүлделері жөнінде пікір білдірді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан ел құрамасы сапынан медаль алған Абиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин жүлделері жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

азиада
Фото: Olympic.kz/Sali Sabirov

Ел құрамасынан дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 келі) Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды

Ол финалда жапониялық Нацумо Цунодаға есе жіберді.

«Негізі бұл қарсыласыммен әлем чемпионаты ширек финалында кездескен едім. Азия ойындарында екеуіміз финалда жолығатынымды іштей сездім. Негізінде мен барлық қарсыласыма дайын келдім. Жарақаттан емделіп шыққаннан кейін алғаш медаль алғаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта алтынға күш саламын. Бұйыртса, Париж төрінде жеңімпаз тұғырынан көрінуге тырысамын», - деді Абиба Әбужақынова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от House of olympic sports of Kazakhstan (@qaz_olympics)

Ал Мағжан Шамшадин (60 келі) өз жетістігіне тілектестігін білдірген жанкүйер қауымына алғысын арнады

«Бұл жетістікке баршаңыз үлес қостыңыздар деп ойлаймын. Өте керемет әсердемін. Басты мақсатым - алтын еді. Қателікке бой алдырдым. Белдесу барысында сәл босаңсыған сәтті қарсыласым пайдаланып кетті. Дзюдо қазір мықты дамыған. Аздаған минуттың өзі кездесу тағдырын шешіп кетеді», - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam)